"Аққудың қанатына жазылған жыр” атты мәнерлеп оқу сайысы өтті.
Хан Тәңірдің мұзбалағы М.Мақатаевтың туған күніне орай 8,9-сынып оқушылары арасында “Аққудың қанатына жазылған жыр” атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Кеш барысында қатысушылар ақынның түрлі тақырыптардағы өлеңдерін жатқа айтып, өз дауысымен оқылған жырларымен сусындап қайтты. Әдеби сайысқа мектеп директоры Г.А.Налибаева қатысып, балалардың өнеріне өз бағасын берді. Сайысты ұйымдастырушылар: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Г.С.Шахаманова, Ә.Ә.Хаджимуратова