"ТӘУЕЛСІЗДІК-ЕЛІМНІҢ ЖҮРЕГІ" атты қаладық тарихи- танымдық мерекелік
Алмалы ауданы №96 жалпы білім беретін мектебінде "Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында" "ТӘУЕЛСІЗДІК-ЕЛІМНІҢ ЖҮРЕГІ" атты қаладық тарихи- танымдық мерекелік сайыс өтті. Сайыстың мақсаты- Қазақстан халықтарының патриоттық сезімін ояту, өз Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру, тарихи өткеніне, бүгініне және жарқын болашағына мақтаныш сезімін тәрбиелеу, еліміздің тарихы бойынша білімдерін кеңейту және жүйелеу. Аталмыш іс-шараға ауданымыздан, қаладан мектептер қатысып, өз бақтарын сынады.