Оқушылар жетістіктері » №167 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№167 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 374-07-24
Есепші бөлімі:
+7(727) 374-07-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
Құттықтаймыз!
12
февраль
2024
Құттықтаймыз!
Ұ Ұлттық мектеп лига аясында  9 -11 сыныптар арасында, волейболдан  өткен аудандық жарыста  мектебіміздің  ұлдар құрама командасы I орынды иеленіп,  Алмалы ауданының жеңімпазы ретінде қалалық жарысқа  ауданымыздың намысын қорғап  мектебіміздің 9-11 сыныбының  ұлдар құрама  командасы қатысты. Әр ауданнан үздік шыққан 8 команданың қатысуымен өткен қалалық жарыста  мектебіміздің ұлдар құрама командасы  III жүлделі орынды иеленді.
"ТӘУЕЛСІЗДІК-ЕЛІМНІҢ ЖҮРЕГІ" атты қаладық тарихи- танымдық мерекелік сайыс
23
январь
2024
"ТӘУЕЛСІЗДІК-ЕЛІМНІҢ ЖҮРЕГІ" атты қаладық тарихи- танымдық мерекелік
Алмалы ауданы №96 жалпы білім беретін мектебінде "Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында" "ТӘУЕЛСІЗДІК-ЕЛІМНІҢ ЖҮРЕГІ" атты қаладық тарихи- танымдық мерекелік сайыс өтті. Сайыстың мақсаты- Қазақстан халықтарының патриоттық сезімін ояту,  өз Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру,  тарихи өткеніне, бүгініне және жарқын болашағына мақтаныш сезімін тәрбиелеу, еліміздің тарихы бойынша білімдерін кеңейту және жүйелеу. Аталмыш іс-шараға ауданымыздан, қаладан мектептер қатысып, өз бақтарын сынады.
Құттықтаймыз!
28
декабрь
2023
Құттықтаймыз!
«Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы ұйымдастырған 2-7 сынып оқушыларына арналған зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының "Зерде республикалық байқауының қалалық кезеңіне 4 «Ә» сынып оқушысы Абилдаев Аян қатысып, «Математика, қолданбалы математика» секциясы бойынша жүлделі 1 – орынды жеңіп алды.  Осындай талантты да шығармашыл шәкіртке білім мен тәрбие нәрін беріп отырған жетекшісі бастауыш сынып мұғалімі Бабашева Гулмаржан
Құттықтаймыз!
27
ноябрь
2023
Құттықтаймыз!
Алмалы ауданы жалпы білім беру мектептерінің ұлдар құрама командаларының арасындағы Алмалы ауданы әкімінің волейболдан кубогы турнирінде 167 мектеп командасы ІІ орынды иеленсе, "Үздік шабуылшы" номинациясымен  9-10 сынып оқушылары Алмалы ауданы әкімі А.Жәкібаевтың дипломымен марапатталынды.Жеңімпаз оқушыларымызды марапаттарымен шын жүректен  құттықтаймыз! Болашақта алар асуларың көп болсын деп тілейміз! Жетекшілері: дене шынықтыру пәні мұғалімдері: Қалиасқаров Сағынай және Тұрысбаев Досжан
Құттықтаймыз !
20
ноябрь
2023
Құттықтаймыз !
"Балапан саз"  Республикалық балалар шығармашылығы байқауына қатысып,  Құрманәлі Марғұлан жүлделі I орынды,  Өсербай Ақжүніс lII орынды  иеленді. Жетекшісі : музыка пәні мұғалімі Омарова Салиха . 
Волейболдан жарыстың ақтық сынында 167 мектеп 2 орынды иеленді.
07
ноябрь
2023
Волейболдан жарыстың ақтық сынында 167 мектеп 2 орынды иеленді.
Волейбол дан аудандық іріктеу жарысы 55 ,46,79,167 мектептер арасында өтті.Іріктеу сайысында 167 мектеп 1 орын алып,  ақтық сынға өтті.   9,10,11 сыныптың ұлдар арасында аудандық жарыстың ақтық сынында 167 мектеп 2 орынды иеленді.
Құттықтаймыз!
02
ноябрь
2023
Құттықтаймыз!
Алмалы ауданы әкімдігінің кубогы  үшін волейболдан  аудандық жарыс ұйымдастырылып, З0 қазан күні Алмалы ауданының №62,   № 58, №34, №167 мектептерінде  21 мектептің қатысуымен  волейболдан ұлдар арасында іріктеу кезеңі болып өтті.  Іріктеу кезеңінің нәтижесі бойынша  үздік шыққан, I орынды иеленген №62, №54, №15, №167 мектептер ақтық сынға  жолдама алып,  2 қараша күні ақтық сында бақтарын сынады.  Ақтық сынның нәтижесінде мектебіміздің  ұлдар тобының құрама командасы жалпы есепте II  жүлделі
Құттықтаймыз!
29
март
2023
Құттықтаймыз!
“Менің-Отаным Қазақстан” атты туристик экспедициялық жасақтардың слетінде “Туризм-спорт, денсаулық,демалыс” номинициясында 1 орынды алған 9 б сынып оқушысы Чуюншалиев Самат марапатталды. 9 а сынып оқушысы Қабылбай Лашын мен 9ә сынып оқушысы Болысбек Нұрайлы сертификаттармен марапатталды.  Жауапты: Аға тәлімгер Олжабек Д,  Қосымша білім беру педагогы "Жаяу туризм"  Мукашев Нурбол Алтымбекулы
Құттықтаймыз!
29
март
2023
Құттықтаймыз!
"WorldSkills Kazakhstan" стандарты бойынша "JasSkills Almaty" қалалық кәсіби шеберлік чемпионатына қатысып "КОНДИТЕРЛІК ІСІ" құзіреттілігі бойынша  I орынды иеленген  9 "б" сынып оқушысы  Аралбаева Томиристі  шын жүректен құттықтаймыз!  Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжіне  грантқа сертификат жеңіп алды.  Жетекшісі: көркем еңбек пәні мұғалімі Құлжабаева Нұрзият.