1-сыныпқа балалардың құжаттарын қабылдау » №167 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№167 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 374-07-24
Есепші бөлімі:
+7(727) 374-07-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 1-сыныпқа балалардың құжаттарын қабылдау
31
март
2022

1-сыныпқа балалардың құжаттарын қабылдау































     
  • Бірінші сыныпқа балалардың құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталады. Мектепке алты жасар балалар мен ағымдағы жылы 6 жасқа толатын балалар қабылданады.
  • Айта кету керек, баланың жасы 1 қыркүйекте толық 6 жаста болса, барлық бала қабылданады. Ал жасы 6-ға  толмаған балалардың (олардың жасы 1 қыркүйектен кейін толатын болса) тек ата-аналары немесе басқа заңды тұлғалары қалаған жағдайда мектепке бару мүмкіншіліктері бар.
  • Мектепке құжаттар «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық түрде жіберіледі.
  • Ережеге сәйкес 1-сыныпқа қабылдау кезінде алдымен қызмет көрсету аумағынан яғни өз мөлтек ауданы бойынша өтініш білдірген үш үміткер, содан кейін басқа мөлтек ауданнан бір үміткер қабылданады.
  • Ата-аналар: 
  • электронды форматта өтініш;
  • туу туралы куәлік көшірмесі;
  • баланың денсаулық паспорты, денсаулық жаңдайы туралы №063/у нысанындағы анықтама;
  • 3*4 см көлеміндегі 2 дана фотосурет тапсырады;
  • Балаларды гимназиялар мен лицейлердің бірінші сыныбына қабылдау кезінде емтихандар күнтізбелік жылдың 15 маусымына дейін өткізіледі, оның мерзімін, нысандары мен міндеттерін білім беру ұйымдары дербес белгілейді.

                                                                                                                                                                                      

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: