1-сынып оқушыларының ата-аналарына (заңды өкілдеріне) арналған ақпарат » №167 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№167 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 374-07-24
Есепші бөлімі:
+7(727) 374-07-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 1-сынып оқушыларының ата-аналарына (заңды өкілдеріне) арналған ақпарат
31
март
2022

1-сынып оқушыларының ата-аналарына (заңды өкілдеріне) арналған ақпарат











2022-2023 оқу жылында 1-сынып оқушыларының 
ата-аналарына (заңды өкілдеріне) арналған ақпарат

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығымен бекітіліп, 2020 жылғы 24 маусымдағы №264 бұйрығымен өзгеріс, толықтырулар енгізілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына сәйкес
9-2 тармақ.Бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына қабылданатын балалардың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау
bilimalmaty.kz және egov.kz
порталы арқылы
ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен бастап 
1 тамызына дейін жүзеге асырылады.

Сұрақтар бойынша мына телефон нөміріне хабарласу қажет: 
374 – 07 -24 (директордың қабылдау бөлмесі)

Жоғарыда аталған бұйрыққа 1-қосымша негізінде мына құжаттарды ұсыну қажет:
1. Осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес өтініш;
 2. 
Туу туралы куәліктің көшірмесі;
 3. Жеке басын растайтын құжаттың түпнұсқасы (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі;
4. Денсаулық жағдайы туралы анықтама ("Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген №063/у нысан (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелген) және "Бала денсаулығы паспорты" 026/у-3 есеп нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 бұйрығымен бекітілген №026/у-3 нысан (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2423 болып тіркелген));
5. Баланың 3х4 см өлшеміндегі фотосуретi - 2 дана

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: