Дұрыс тамақтануды насихаттау » №167 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№167 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 374-07-24
Есепші бөлімі:
+7(727) 374-07-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Дұрыс тамақтануды насихаттау
20
декабрь
2022

Дұрыс тамақтануды насихаттау

Дұрыс тамақтануды насихаттау

20 желтоқсан күні мектебімізде 5 сынып оқушыларымен «Мектеп жасындағы балалардың дұрыс тамақтануы» тақырыбында семинар жүргізілді. Семинарды  5"Ә" сынып жетекшісі Пржанова Ақниет  жүргізді.
Балаларға дұрыс тамақтану жөнінде түсіндірілді. Балалардың дұрыс тамақтануы олардың денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік беретіндігі, еңбек ету мен сабақ үлгеру қабілетін арттыратындығы, дұрыс тамақтану денсаулықтың басты факторы екендігі айтылды. Адамның тамақтануында минералды заттар маңызды рөл атқарады. Егер тамақтану дұрыс ұйымдастырылмаса, тиімсіз, яғни жеткіліксіз болса, организмде метаболизм, зат алмасу бұзылып, оның айналадығы ортаның зиянды әсеріне және әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұрарлық қабілеті төмендейтіндігі айтылып, түсіндірілді.
Тамақтану тәртібі, тамақтанудың негізгі ережелері, тамақтану процесінің принциптері, тамақ ішу тәртібі толық түсіндірілді.

Әлеуметтік педагог:Мейіркамал Алуа

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: