11
декабрь
2024
Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында өрттің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыс жүргізді .

https://www.instagram.com/reel/DDbFo-hIH8i/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Алмалы ауданының төтенше жағдайлар басқармасы 2024 жылғы 10 желтоқсанда жаңа жылдық мерекелер қарсаңында өрттің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыс жүргізді . Іс-шара барысында басқарма қызметкерлері пиротехниканы пайдалану, шыршаларды орнату және электр гирляндаларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шараларын еске салып, аудан тұрғындарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған ақпараттық жадынамалар да таратылды. Өрттің алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігі жөніндегі жұмыс “Қауіпсіз Жаңа Жыл” акциясы бойы жалғасатын болады. #Департаментчс #біртұтас_тәрбие_алматы #akimatalmaty #almatybilimbolimi #edualmaty