" Директорлық сенбі - ата-ана үні" » №167 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№167 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 374-07-24
Есепші бөлімі:
+7(727) 374-07-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » " Директорлық сенбі - ата-ана үні"
20
февраль
2021

" Директорлық сенбі - ата-ана үні"

Бүгін 20.02.2021ж күні кезекті "Директорлық сенбі - ата-ана үні"  тақырыбындағы  ата-аналармен онлайн кездесу болып  өтті. 
МАҚСАТЫ:
Қашықтан оқыту жағдайында балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мәселелерінде,
құқықбұзушылықтың
алдын алу, сондай-ақ «мектеп-бала-ата-ана» қарым-қатынасы мен өзара ықпалдасуына қатысты психологиялық-педагогикалық қолдау бойынша барлық толғандыратын мәселелерде ата-аналарға пәрменді көмек көрсету.
 Бүгінгі ата-аналармен онлайн кездесудің тақырыбы: " Кибербуллинг: балалардың әлеуметтік желідегі қауіпсіздігін  қалай қамтамассыз етеміз ?" 
__________
Кибербуллинг – адамды интернетте, әлеуметтік желі мен түрлі мессенджерлерде қорқытып, зорлық көрсету. Кибербуллингке кез-келген адам тап болуы мүмкін. Бірақ бұл тәсілмен шабуыл жасайтындар негізінен кәмелет жасына толмаған мектеп оқушыларын нысанаға алады. Өйткені, қорғансыз балалар қорыққанынан өзіне қысым жасалып жатқаны туралы ешкімге айтпайды. Тіпті ата-анасы мен жақындарына тіс жармай, шабуылшының айтқанынан шықпайды.
__________
Ата-аналармен жақсы диалог өрбіп ,  ата-аналар  өз ойларымен бөлісіп,  пікір алмасып,  мазалаған сұрақтарына жауап алғандарын жеткізді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: