«Желтоқсан көтерілісі – тәуелсіздік бастауы» атты Тәуелсіздік күніне арналған ашық тәрбие сағаты өтті. » №167 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№167 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 374-07-24
Есепші бөлімі:
+7(727) 374-07-23
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Желтоқсан көтерілісі – тәуелсіздік бастауы» атты Тәуелсіздік күніне арналған ашық тәрбие сағаты өтті.
14
декабрь
2022

«Желтоқсан көтерілісі – тәуелсіздік бастауы» атты Тәуелсіздік күніне арналған ашық тәрбие сағаты өтті.








14.12.2022 ж. «№167 ЖББМ» КММ-де 10АӘБ  сынып жетекшілері: Г.Т. Абдрахманованың, Э.М. Ахметованың және А.Д. Сүлейменованың жетекшілік етуімен «Желтоқсан көтерілісі – тәуелсіздік бастауы» атты Тәуелсіздік күніне арналған ашық тәрбие сағаты өтті. 
Тәрбие сағатының мақсаты: 1. Оқушыларға ақиық ақын, батыр М.Шаханов есімі мен желтоқсан оқиғасы қатар айтылатын  егіз ұғым екенін, мәні мен мағынасын түсіндіру. «ЖЕЛТОҚСАН ЭПОПЕЯСЫ» романы – қазақ қасіретінің көркем тарихы екенін оқушы бойына сіңіру.
Тәуелсіздік үшін күрескен желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, олардың өмірі, ерлігі жайында сұхбат алып, олардың батырлығын насихаттау.
Міндеті: оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге, ерлікке баулу. Желтоқсан  оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Желтоқсан көтерілісінің батырлары тәрбие сағатының құрметті қонағы болды. Оқушылармен сұхбат құра отырып, жас ұрпақтың бойына желтоқсан көтерілісінің мән-мағынасын, құнын терең бойлата білді. Тәрбие сағатының сценарийі М.Шахановтың «Желтоқсан эпопеясы» романы желісімен құрастырылып, ерекше мазмұнымен жоғары деңгейде өтіп, оқушы бойында шынайы патриоттық сезім ұялата білді, тыңдармандарын тәнті етті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: