Тілдер мерекесіне орай ұйымдастырылған онкүндіктің қорытындысы ретінде 11-сыныптар арасында “Үш тұғырлы тіл - жарқын болашақтың кепілі” тақырыбында интеллектуалдық сайыс өткізілді. » №167 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№167 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 374-07-24
Есепші бөлімі:
+7(727) 374-07-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тілдер мерекесіне орай ұйымдастырылған онкүндіктің қорытындысы ретінде 11-сыныптар арасында “Үш тұғырлы тіл - жарқын болашақтың кепілі” тақырыбында интеллектуалдық сайыс өткізілді.
22
сентябрь
2023

Тілдер мерекесіне орай ұйымдастырылған онкүндіктің қорытындысы ретінде 11-сыныптар арасында “Үш тұғырлы тіл - жарқын болашақтың кепілі” тақырыбында интеллектуалдық сайыс өткізілді.













22.09.23 ж. күні “Тіл мәртебесі-ел мәртебесі” атты Тілдер мерекесіне орай ұйымдастырылған онкүндіктің қорытындысы ретінде 11-сыныптар арасында “Үш тұғырлы тіл - жарқын болашақтың кепілі” тақырыбында интеллектуалдық сайыс өткізілді. Ана тілін ардақтап, өзге тілге құрметпен қарауды мақсат еткен бұл шарада оқушылар өз білімдерімен бақ сынасты. Бес кезеңнен тұратын сайыс қызықты да, тартысты болды. Қатысушылар мақал-мәтелдерді үш тілге аударып, фото, аудио, бейне сұрақтарға жауап беріп, өздеріне берілген суреттер негізінде үш тілде өз ойларын жеткізді. Ұшқыр да, алғыр оқушыларымыз барлық кезеңде тапқырлық танытып, “Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!”-деген ұранмен сайысты аяқтады. Іс-шараны ұйымдастырушылар: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Г.Шахаманова, Ә.Хаджимуратова және ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері А.Қасымова, А.Пржанова. Іс-шараға белсенді қатысқан ұстаздар мен оқушыларымызға алғыс білдіреміз! 
Туған тіліміздің мәртебесі биік болсын!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: