Бүгін мектебімізде өзін-өзі басқару ұйымы президентін ұлықтау рәсімі өтті. » №167 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№167 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 374-07-24
Есепші бөлімі:
+7(727) 374-07-23
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бүгін мектебімізде өзін-өзі басқару ұйымы президентін ұлықтау рәсімі өтті.
27
октябрь
2023

Бүгін мектебімізде өзін-өзі басқару ұйымы президентін ұлықтау рәсімі өтті.




































































































Бүгін мектебімізде өзін-өзі басқару ұйымы президентін ұлықтау рәсімі өтті. Бір ай бойы мектеп президенті лауазымына үміткерлер сайлау алдындағы бағдарламаларын өткізіп, жаңа идеялар мен жобаларды ұсынды.Мектеп президентін сайлау үрдісі жалпыға бірдей теңдік және сайлау бостандығы қағидалары негізінде жүзеге асырылды. Дауыс беру қорытындысы бойынша 10 А сынып оқушысы Чуюншалиев Самат Асылбекұлы барлық кандидаттар арасында ең жоғары дауыс жинап, жаңа президент лауазымына тағайындалды.Салтанатты ант беріп, өз күшін, білімін, идеяларын іс жүзінде тексеруге мүмкіндік беретінін  атап өтті. Жаңа Президентпен бірге мектептегі өзін- өзі басқару ұйымының жаңа құрамы анықталынып бекітілді. Саматқа және оның командасына сәттілік пен барлық ойластырылған жоспарларының жүзеге асуын тілейміз.
Және мектеп директоры Галия Алкенқызы Налибаева мектеп президентіне "Президент куәлігін" марапаттап тапсырды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: