Лагерьдегі 89 оқушы “Максима” ойын-сауық орталығындағы “Иллюзион” кинотеатрына барып, балаларға арналған мультфильмді тамашалап қайтты. » №167 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№167 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 374-07-24
Есепші бөлімі:
+7(727) 374-07-23
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Лагерьдегі 89 оқушы “Максима” ойын-сауық орталығындағы “Иллюзион” кинотеатрына барып, балаларға арналған мультфильмді тамашалап қайтты.
28
май
2024

Лагерьдегі 89 оқушы “Максима” ойын-сауық орталығындағы “Иллюзион” кинотеатрына барып, балаларға арналған мультфильмді тамашалап қайтты.

Жаз мезгілі балалар үшін ерекше мезгіл. Балалар демалысқа шығып,ауылдағы ата-әжелеріне, қала сыртындағы лагерьлерге барады. Көпшілігі, әрине,  мектеп жанынан ашылған лагерьге келеді. 
 Балалардың жазғы демалысын көңілді өткізу мақсатында №167 жалпы білім беретін мектеп жанынан ашылған “Балдәурен” лагері биыл өте қызықты өтуде. 
  Бүгін, 28.05.2024 ж., лагерьдегі 89 оқушы “Максима” ойын-сауық орталығындағы “Иллюзион” кинотеатрына барып, балаларға арналған мультфильмді тамашалап қайтты. 
 “Жақсылық жасасаң, балаға жаса,”- дейді дана халқымыз.
 Бүгінгі іс-шараның қызықты өтуіне себепкер болып, балаларға ұмытылмас қуаныш пен шаттық сыйлаған ЖШС “Тастақ” базарының басшысы Каиров Ерлан Жаирбекұлына алғысымыз шексіз.
 Өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге болып, қолдау көрсететін жүрегі мейірімге толы еліміздің  азаматтарының арқасында балаларға шаттық сыйлайтын осындай қуанышты сәттер жалғасын табады деп сенеміз.
#Балдаурен167
#жазғылагерь

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: