07
ноябрь
2024
«Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында 9-10 сынып оқушыларымен дәріс өтті.

№167 жалпы білім беретін мектебінде 07.11. 2024ж «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында 9-10 сынып оқушыларымен дәріс өтті. Дәрісті Алматы қаласы Дін мәселелері зерттеу орталығы ақпараттық түсіндіру топ мүшесі Сарсенбаев Руслан Мейіржанұлы өтті.
Дәріс мақсаты: білім алушыларға дін бойынша ақпарат беру, теріс діни ағымдардың зияны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Кездесу барысында мамандар экстремизм мен терроризмнің мемлекет пен қоғамдағы бейбітшілік пен қауіпсіздікке ерекше қауіп төндіріп отырғандығын айта келе, жастарды жат ағымдардан аулақ болып, білім мен ғылымға барлық күштері мен уақыттарын арнай отырып, адамгершілікке, саналы азамат болуға шақырды.
Оқушылар діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша сауалдар қойып, мамандардан жауап алды. Дәріс оқушыларға ұнады. Дәріске 162 оқушы қатысты.
#біртұтас тәрбие