05
февраль
2025
"Мұзбалақ ақынның мұрасы" атты әдеби сазды кеші өтті.
https://www.instagram.com/p/DFu3cy_MleK/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==05.02.2024 ж.күні ақиық ақын М.Мақатаевтың туған күніне орай ақынның өлеңдерін кеңінен насихаттау мақсатында 5,6-сынып оқушылары арасында "Мұзбалақ ақынның мұрасы" атты әдеби сазды кеші өтті. Өлеңнің алтын сарайына қыран үнімен жаңғырта жырлап енген М.Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздардың қараңғы түн қойнауынан сәулесін шашқандай жарқырай, айшықтала түсуде.Кеш барысында оқушылар ақынның өлеңдерін жатқа оқып, ақиық қыран ақынымыздың жыр күмбезімен сырласып, сусындады.Кешті ұйымдастырушылар қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Шормакова Балжан Ботанқызы, Тұрғынбек Лаура.Бұл әдеби кешті өткізуге осы мектепке тежірибеден
өтуге келген Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университетінің 4-курс студенттері А.Рян, Ж.Қуаныш,А.Тілеу,Ж.Қуанышбаева ,Ж.Жұмахан белсенді ат салысты .