11
апрель
2025
Мектеп жанынан құрылған “Жасақ”тобы жолда жүру ережелерін түсіндіру мақсатында арнайы түсінік жұмыстарын ұйымдастырды.

Мектебімізде 6 - сынып оқушыларының арасынан “Жасақшылар” тобы құрылған. Мектеп жанынан құрылған “Жасақ”тобы жолда жүру ережелерін түсіндіру мақсатында арнайы түсінік жұмыстарын ұйымдастырды.
Іс-шара барысында жасақ тобы оқушыларға бағдаршамның қызметі, жаяу жүргіншілер өткелінен дұрыс өту ережелері және жолдағы қауіпсіздік туралы айтып берді. Олар көрнекі құралдар мен суреттер арқылы ережелерді түсінікті әрі қызықты түрде жеткізді. Сонымен қатар, балаларға арнайы жадынамалар мен қауіпсіздік белгілері таратылды.
Осындай іс-шаралар жиі өткізіліп тұрса, жол-көлік оқиғалары азаятыны сөзсіз.
#жолтәртібінбілейік🚦
https://www.instagram.com/reel/DIdajHvshgt/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==