03
февраль
2026
Радиоэлектроника және байланыс әскери институтының 4-курс курсанттары мына 167 жалпы білім беретін мектепте тағылымды кездесу өткізілді



Радиоэлектроника және байланыс әскери институтының 4-курс курсанттары мына мектептерде 167 жалпы білім беретін мектепте тағылымды кездесу өткізілді.
Кездесу жас ұрпақты әскери-патриоттық рухта тәрбиелеу, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру және әскери мамандықтың маңызын түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында курсанттар оқушылармен еркін форматта әңгімелесіп, әскери өмірдің қыр-сырымен, оқу барысындағы тәжірибелерімен бөлісті. Мұндай кездесулер жасөспірімдердің ел қорғаны болуға деген қызығушылығын оятып, болашаққа сеніммен қарауына жол ашады.
Кездесуге қатысқан курсанттар:
🔹 Нұрмұха Нұрбек Қайратұлы – 4 курс РТВ факультеті
🔹 Бисенбаев Расул Сержанұлы – 4 курс Байланыс факультеті
🔹 №167 жббм 2022 жылғы түлегі Бралиев Аян Болатбекұлы –4 курс Байланыс факультеті
Осындай мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор кездесулер жас ұрпақтың бойында патриоттық рухты қалыптастыруға зор үлес қосады. 🇰🇿