"Бір Отан, бір тағдыр, бір Елбасы!" ашық тәрбие сағаты » №167 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№167 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 374-07-24
Есепші бөлімі:
+7(727) 374-07-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Бір Отан, бір тағдыр, бір Елбасы!" ашық тәрбие сағаты
24
ноябрь
2020

"Бір Отан, бір тағдыр, бір Елбасы!" ашық тәрбие сағаты

Бүгін 24.12.2020ж күні мектебімізде Тұңғыш Президент күніне арналған іс шараларды өткізу бастау алды. 7б сыныбының жетекшісі Әсілхан Аружан өз сыныбымен  Елбасы күніне арнап, "Бір Отан, бір тағдыр, бір Елбасы!" тақырыбында ашық тәрбие сағатын жоғары деңгейде өткізді. Тәрбие сағатында оқушылар өздерінің Елбасына арнап жазған жыр шумақтарын оқып, аты әлемге танылған Астана қаласына арнап салған суреттерімен бөлісті. Бұл шарадан оқушыларымыздың бойында өз Отанына деген сүйіспеншілігін, Елбасына деген ыстық ықыласын, құрметін, мақтаныш сезімін айқын көруге болады. Осындай кеудесінде патриоттық, адамгершілік сезімі бар, жастарымыздың өсіп келе жатқаны бізді ерекше қуантты. Сынып жетекші Аружан апай осы " Бір Отан, бір тағдыр, бір Елбасы!" атты  тақырыппен сабағының мазмұнын аша білді.  Елбасының тарихы арқылы бүтіл халқымыздың дамыған алпауыт мемлекеттер қатарынан,тереземіз тең орын алатынымызды  оқушы жүрегіне терең жеткізе білді. Оқушыларымыз Елбасының салған үлгі жолын өздерінің алдына , болашағына  мақсат еткендерін жыр шумағынан байқауға болады. Әрбір оқушымыз биіктерді бағындыратын, елін сүйетін патриот азамат болып өсіңдер деген тілегімізді жолдаймыз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: