Жас ұстаздың өзін-өзі дамытуы
25.01.2023ж. күні Алматы қаласы Алмалы ауданы №167 жалпы білім беретін мектепте ұйымдастыруымен «Жас ұстаздың өзін-өзі дамытуы және өзін-өзі жетілдіруі» тақырыбында тренинг семинар өтті. Мақсаты: жас ұстаздардың тұлғалық ерекшеліктерін, қажеттіліктерін анықтауға бағыт-бағдар беру, кәсіби қолдау жасау. Тренинг соңында қатысушы жас ұстаздар кері байланыс жасап, жоғары деңгейде өтті деп баға берді. Тренингті өткізушілер №167 ЖББМ педагог-психологтары Кушербаева Анар, Масабекова Айжан.