31
март
2022
1-сыныпқа балалардың құжаттарын қабылдау
- Бірінші сыныпқа балалардың құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталады. Мектепке алты жасар балалар мен ағымдағы жылы 6 жасқа толатын балалар қабылданады.
- Айта кету керек, баланың жасы 1 қыркүйекте толық 6 жаста болса, барлық бала қабылданады. Ал жасы 6-ға толмаған балалардың (олардың жасы 1 қыркүйектен кейін толатын болса) тек ата-аналары немесе басқа заңды тұлғалары қалаған жағдайда мектепке бару мүмкіншіліктері бар.
- Мектепке құжаттар «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық түрде жіберіледі.
- Ережеге сәйкес 1-сыныпқа қабылдау кезінде алдымен қызмет көрсету аумағынан яғни өз мөлтек ауданы бойынша өтініш білдірген үш үміткер, содан кейін басқа мөлтек ауданнан бір үміткер қабылданады.
- Ата-аналар:
- электронды форматта өтініш;
- туу туралы куәлік көшірмесі;
- баланың денсаулық паспорты, денсаулық жаңдайы туралы №063/у нысанындағы анықтама;
- 3*4 см көлеміндегі 2 дана фотосурет тапсырады;
- Балаларды гимназиялар мен лицейлердің бірінші сыныбына қабылдау кезінде емтихандар күнтізбелік жылдың 15 маусымына дейін өткізіледі, оның мерзімін, нысандары мен міндеттерін білім беру ұйымдары дербес белгілейді.