Ата-аналарды педагогикалық психологиялық қолдау мақсатында мектеп психологтары кездесу ұйымдастырылды. » №167 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№167 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 374-07-24
Есепші бөлімі:
+7(727) 374-07-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ата-аналарды педагогикалық психологиялық қолдау мақсатында мектеп психологтары кездесу ұйымдастырылды.
21
ноябрь
2023

Ата-аналарды педагогикалық психологиялық қолдау мақсатында мектеп психологтары кездесу ұйымдастырылды.









21.11.2023 күні №167 жалпы білім беретін мектепте ата-аналарды педагогикалық-психологиялық қолдау мақсатында «Баланың басты ұстазы ата-ана» тақырыбында мектеп психолоргтары Масабекова А.Н,Кушербаева А.А, 5 сынып ата-аналарымен  онлай кездесу ұйымдастырды.Кездесуге оқушы мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас,ондағы кездесетін мәселелердің алдын алу және шешу жолдары айтылды. Ең басты мәселе позитивті ата-ана болу дегеніміз не? Осы мәселе бойынша ата-аналарға пайдалы ақпараттар беріліп,психологиялық қолдау және кеңес беру жұмыстары жүргізілді. Ата-аналар өздерін толғандырып жүрген мәселелері бойынша сұрақтарын қойды.Ұсыныстарын айтып,өз ойларын ортаға салды.
«Бала тәрбиесі» даналық туындысы көрсетілді. Ата-аналар алған әсерлерімен бөлісті,тақырыпқа байланысты өз ойларын ортаға салды,күнделікті өмірде кездесетін жағдайлармен байланыстыра отырып,көрсетілген даналық сөздің мағынасының тереңдігі жайлы айтып өтті.Бала тәрбиесінде ана мен әкенің алатын орны ерекше екендігін атап айтты.Ұлттық тәрбиені бала бойына сіңіріп өсіру,мейірімді,адал ұрпақ тәрбиелеуге көп үлесін қосатындығын атап айтты.
Ата-аналарды педагогикалық психологиялық қолдау мақсатында 7 «а», «ә», «б», «в» сынып ата-аналарымен офлайн кездесу ұйымдастырылды. Кездесу тақырыбы «Ақыл айтпа,жол көрсет»
Ата-аналарға үш топқа бөлініп,баланың мектептегі психологиялық және педагогикалық мәселелерін алғашқы кезеңнен бастап талдау ұсынылды.
«Мен балаға қалай көмектесе аламын» тренинг жүргізілді. Табысты психоэмоционалды бейімделудің белгілері тақырыбы аясында дәріс оқылып, психологиялық сүйемелдеу жұмысы жүргізіліп,кеңестер берілді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: