Мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті. » №167 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№167 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 374-07-24
Есепші бөлімі:
+7(727) 374-07-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті.
28
март
2024

Мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті.





















































Күн тәртібінде:
1.    №167 жалпы білім беретін мектеп әкімшілігінің 2023-2024 оқу жылы бойынша қаржы есебі.2. 2023-24 оқу жылындағы мұғалімдер мен білім алушылардың жетістіктері.
3.    Мектеп қызметкерлері мен білім алушылардың өмір қауіпсіздігі. 2024 жылдың 28 наурыз күні мектеп директоры Ғалия Алкенқызы Налибаеваның қатысуымен ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды. Күн тәртібіндегі мәселеге сәйкес 2023-2024 оқу жылындағы атқарылған жұмыстар бойынша мектеп директоры есеп берді.
Мемлекет басшысының саясатын іске асыру, білім сапасын жақсарту, мектептегі қауіпсіздікті  қамтамасыз ету, тамақтану мәдениетін  қалыптастыру және сапалы ұйымдастыру, ата-аналармен бірлесе жұмыс жасау, оларды мектеп өміріне белсенді қатыстыру, "Біртұтас тәрбие" бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы ақпарат берді. 
Сондай-ақ, мектеп  мұғалімдері мен білім алушылардың  І жартыжылдықтағы жеткен жетістігін атап өтті.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Намазбаева Нурсулу Анарбайқызы  құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу, қамқорлықтағы және әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған отбасымен көп балалы отбасы балаларының  әл-ауқатын арттыру , психологиялық көмек көрсетіп, кеңес беру, оқушылардың сабақтан тыс бос уақытын ұйымдастыру және секциялармен үйірмелерге қамтылуы жөнінде айтып өтті.
Білім алушылар мен мектеп қызметкерлерінің  өмір қауіпсіздігін сақтау мақсатында бейне камералармен турникеттер қойылғандығы да айтылды. Жиналыс соңында ата-аналар  өз ойларын ортаға салды, сұрақтарын қойып, жауап алды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: