03
ноябрь
2022
Құттықтаймыз!
Қазанның 5-і мен 28-і аралығында «Халықаралық экология, инженерия және педагогика академиясы» қоғамдық қоры ұйымдастырған І Республикалық «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!» атты мәнерлеп оқу онлайн-байқауына 7 «А» сынып оқушысы Айдаров Нұрсұлтан мен 8 «Ә» сынып оқушысы Сансызбай Арайлым қатысып жүлделі І орынды жеңіп алды.
Сонымен қатар, аталған қоғамдық қор ұйымдастырған ІІ Республикалық «Пушкин на все времена!» атты мәнерлеп оқу онлайн-байқауына 8 «Ә» сынып оқушысы Серікхан Мадина қатысып, І орын жеңімпазы атанды. Жеңістеріңіз құтты болсын! Осындай жеңімпаз оқушыларды дайындаған орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Рысменді Күлжан Өтегенқызына шәкірттеріңіз биіктерді бағындыра берсін деп тілейміз.