"Ақ бота" интелектуалды онлайн марафон жеңімпаздары » №167 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№167 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 374-07-24
Есепші бөлімі:
+7(727) 374-07-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Ақ бота" интелектуалды онлайн марафон жеңімпаздары
07
декабрь
2020

"Ақ бота" интелектуалды онлайн марафон жеңімпаздары

22-28 қараша аралығында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының  жетекшілігімен  дарынды оқушылардың жеке қабілеттерін дамыту, білімдерін тереңдету мақсатында ұйымдастырылған «Ақ бота» интеллектуалды онлайн марафонына мектебіміздің бірнеше оқушылары қатысып қазақ тілі, математика, жаратылыстану, биология, физика және химия пәндерінен озық білімдерін көрсетіп, жүлделі 1,2 және 3 - орындарға ие болды.
      Барлық жеңімпаздарды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз. Аталған марафонға жеңімпаз оқушыларды дайындаған бастауыш сынып мұғалімдері Копесбаева Бақыт, Бабашева Гүлмаржан, Ахбаева Айгүл, Дурумбаева Қарлығаш, Асылбекова Насибгуль, физика пәні мұғалімі Тенизбаева Маржангуль, математика пәні мұғалімдері Жургембаева Лаззат, Жеңіс Серікжан және Серік Айботаның еңбектеріне зор шығармашылық табыстар тілейміз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: