Алматы қаласы Білім басқармасының
«№167 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 374-07-24
Есепші бөлімі:
+7(727) 374-07-23
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Құттықтаймыз!
24
май
2021
Құттықтаймыз!
11 – 20 мамыр аралығында "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған "Кенгуру - математика барлығы үшін" халықаралық зияткерлік конкурсында 7-сынып оқушысы Орынбасар Ақжол, 8-сынып оқушылары Шменова Айша, Беркімбек Ақзер және 2 – сынып оқушысы Марат Мират жүлделі 2-орынды жеңіп алса, 7-сынып оқушысы Акбаров Алишер және  2 – сынып оқушысы Сағымбай Бекзат 3-орынды иеленді. Пән мұғалімдері Жеңіс Серікжан, Тыныбекова Фарида.       Мамыр айында Daryn. online білім беру
Отбасы күні құтты болсын!
15
май
2021
Отбасы күні құтты болсын!
Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі.  Отбасының аман-саулығы әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі деп білеміз. Сондықтан да бүгінгі мерекеде бір-біріңізге әдемі де әсерлі сөздер арнап, ерекше сыйластық көрсете біліңіздер! Тек қана бүгін емес, жылдың әрбір минутында, әрбір сағатында, жанұяңызды ыстық ықыласыңыз бен шексіз махаббатыңызға бөлей жүріңіз! Отбасыңыз аман болсын! Мереке қуаныш сыйласын!
Жеңіс күні құтты болсын!
09
май
2021
Жеңіс күні құтты болсын!
8 "ә" сынып оқушыларының Жеңіс күніне арнап дайындаған іс-шарасы.
Ұлы Жеңіске 76 жыл!
08
май
2021
Ұлы Жеңіске 76 жыл!
Биыл Ұлы Жеңіске 76 жыл толып отыр. Біздің болашағымыз үшін құрбан болған миллиондаған адамдарды еске түсіру үшін, әрбір қазақстандық бұл мерекені Отанға деген сүйіспеншілігінің нышаны ретінде атап өтеді. Бүгінде қатары сиреп қалған майдангерлердің ұрпақтарының өзі зейнет жасында екені мәлім. Сондай майдангер аға-апалардың ұрпағы, қызы Әшімова Бейбіткүл апайымыз осы 167 мектептің ардагер ұстазы, қазіргі таңда  зейнетке шыққан ардагер ұстаз. Ол кіснің әкесі Әшімов Дәуқабақ Польшада жерленген,
1 мамыр -Бірлік, Ынтымақ күні құтты болсын!
01
май
2021
1 мамыр -Бірлік, Ынтымақ күні құтты болсын!
Музыка пәні мұғалімдері Омарова Салиха мен Бекбосынов 1 мамыр -Бірлік, Ынтымақ күні мейрамына арнап дайындаған іс-шарасы.
Чернобыль апатына 35 жыл!
27
апрель
2021
Чернобыль апатына 35 жыл!
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай  №167 жалпы білім беретін  мектебінде  "БІЗ  БОЛАШАҚҚА ЖАУАПТЫМЫЗ" атты Экологиялық білім берудің жалпы республикалық апталығы 26 сәуір мен 30 сәуір аралығында болады.  Осы апталыққа орай "Жер-біздің ортақ үйіміз"  атты бейнеролик және " Чернобыль апаты" атты презентация көрсетіліп 1-11 сыныптарда тәрбие сағаты өткізілді. 
«Жыр алыбы – Жамбыл»
20
апрель
2021
«Жыр алыбы – Жамбыл»
Екі ғасырдың куәсі, жыршы- жырау, халық ақыны, ірі айтыскер ақын, «Халық поэзиясының алыбы», «ХХғасырдың Гомері», «Жамбыл – менің жай атым, халық- менің шын атым» деген ұлы тұлға. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, мектебіміздің  кітапханашы Нуралина Мнаураның   ұйымдастыруымен  қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Жамбыл Жабаев 175 жылдығына орай  6 «Ә» сынып оқушысы Асубек Адиа 6 «А» өлең шумақтарын арнады.