Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Желтоқсанның 35 жылдығы аясындағы “Патриоттық рух - басты құндылық” атты байқаудың аудандық іріктеу кезеңі. » №167 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№167 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 374-07-24
Есепші бөлімі:
+7(727) 374-07-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Желтоқсанның 35 жылдығы аясындағы “Патриоттық рух - басты құндылық” атты байқаудың аудандық іріктеу кезеңі.
20
октябрь
2021

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Желтоқсанның 35 жылдығы аясындағы “Патриоттық рух - басты құндылық” атты байқаудың аудандық іріктеу кезеңі.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Желтоқсанның 35 жылдығы аясындағы “Патриоттық рух - басты құндылық” атты байқаудың аудандық іріктеу кезеңі
         20.10.2021ж күні Халықаралық «Жанашыр» қоғамы мен Алмалы ауданы Білім бөлімінің ұйымдастыруымен №167 жалпы білім беретін мектептің мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің    30 жылдығы мен Желтоқсанның   35 жылдығы аясындағы “Патриоттық рух - басты құндылық” атты байқаудың аудандық іріктеу кезеңі өтті. Байқауға ауданның 29 мектебінен оқушылар әр түрлі жанрлар бойынша өнер көрсетті.  Алмалы ауданы бойынша байқауды ұйымдастыруға белсене ат салысқан  Алмалы ауданы Білім бөлімінің  бас маманы Нурбекова Асем Джандарбековна. Сондай-ақ байқауға Халықаралық«Жанашыр» қоғамдық қорының төрайымы Жаңыл Амантайқызы, «Желтоқсан жалауы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Босманова Үміт Кенжебайқызы,                                      «Желтоқсан ақиқаты» қоғамының төрағасы Құрымбаев Болат Тоқтабайұлы, «Қайсар жүрек» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ергебаева Шара Бөлегенқызы, Қазақстан авторлар қоғамының мүшесі Досматов Сұлтан Бекежанович, домырашы, күйші Әлімбай Тасқын  төрелік жасады.                                                                                                 Байқаудың мақсаты: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Желтоқсанның 35 жылдығы аясында желтоқсан қаhармандарының азаматтық  ерлігін насихаттау және өскелең ұрпақтың бойында патриоттық рух қалыптастыру. 
“Патриоттық рух - басты құндылық” атты байқауда «Қасиетті домбыра» және «Қыршын кеткен қарлығаштар» аталымы бойынша оқушылар домбырамен ән айтып, төгілтіп күй орындады. Мәнерлеп оқу бойынша да оқушылар патриоттық сезімде өлең оқып, жұртшылық көңілінен орын алды. Байқау жоғары дәрежеде өткізіліп, жүлделі орынға ие болған оқушылар халықаралық «Жанашыр» қорының дипломымен марапатталынды. Байқау соңында мектеп басшысы Әбеубекова Ботагөз Әбенқызы барша байқауға қатысқан жеңімпаздарды жетістіктерімен құттықтап, байқауды аяқтады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: