01
март
2021
Алғыс айту күнімен құттықтаймыз!
Құрметті Отандастар!Сіздерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен белгіленген Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні – 1 наурыз Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Алғыс айту күнін мерекелеудің басты мақсаты – «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын, қазақстандық бірегейлік пен ел бірлігін ортақ тарих және тарихи сана негізінде нығайту мен дамыту, қазақстандық құндылықтарды бағалау болып табылады.
Алғыс айту күні – ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Тұңғыш Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты болып саналады.
Алғыс айту күні – бұл біртұтас азаматтық қағидаттарға негізделген қазақстандық қоғамды дамыту арқылы ел бірлігін нығайтуды басты мұрат тұтады. Алғыс айту күні еліміздің әр азаматының жүрегіне жақын, жарқын мерекелердің бірі ретінде қабылданды.