02
октябрь
2023
1 қазан Халықаралық қарттар күніне орай мектепте іс-шара жоспарына сай барлық сыныптарда "Қарттарым-асыл қазынам!" тақырыбында тәрбие сағаты өтті.

1 қазан Халықаралық қарттар күніне орай мектепте іс-шара жоспарына сай барлық сыныптарда "Қарттарым-асыл қазынам!" тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: "Қарттары бар ел - қазыналы ел"-дегенді жас ұрпақтың бойына сіңіру, үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету - ата-бабадан келе жатқан қасиет-салтымыды ұғындыру, аталы сөзден ғибрат алуды үйрету. «Бабаларым, рахмет сендерге!
Балаларым болмасын деп бос кеуде,
Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің,
Өмірге мен мылқау болып енгенде
Бабаларым, рахмет сендерге!»,- деп Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай міне, балалар, біз өзіміздің ата-әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз-деп өз ойларын ортаға салды.
Қарттарды ардақтау керектігін, оларды сыйлап, қадірлеп, бағасына жете білуді ұғынды.
[Және мектеп фойелерінде "Менің сүйікті ата-әжем" тақырыбында оқушылар шығармашылығынан сурет көрмесі ұйымдастырылды. оқушылар өз ата-әжелерін қатты жақсы көретінін осы салған суреттерінен байқауға болады.