"Менің Отаным-Қазақстан" атты аудан мектептері оқушыларының арасында "Аспапта ойнау" жанры бойынша байқау өтті. » №167 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№167 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 374-07-24
Есепші бөлімі:
+7(727) 374-07-23
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Менің Отаным-Қазақстан" атты аудан мектептері оқушыларының арасында "Аспапта ойнау" жанры бойынша байқау өтті.
19
октябрь
2023

"Менің Отаным-Қазақстан" атты аудан мектептері оқушыларының арасында "Аспапта ойнау" жанры бойынша байқау өтті.












167 жалпы білім беретін мектебінде "Менің Отаным-Қазақстан" атты аудан мектептері оқушыларының арасында "Аспапта ойнау" жанры бойынша байқау өтті. Байқауға ауданның 8 мектебі қатысты.
 Байқаудың мақсаты: Балалар мен жасөспірімдерге рухани адамгершілік, азаматтық-патриоттық және көркем эстетикалық тәрбие беру; 
-Өскелең ұрпақтың қазақ өнеріне деген сүйіспеншіліктерін арттырумен қатар, отандық мәдениеттің үздік үлгісін көтерудегіжас орындаушылардың көркем тәрбиедегі  маңыздылығын арттыру.
 Байқауға қатысушылар жас ерекшеліктеріне орай іріктелінді.  Үлкен топ орындаушылары мен кіші топ орындаушыларына әділқазы алқасы оқушылардың орындау шеберлігі мен сахна мәдениетіне ерекше көңіл бөліп,  әділ бағаларын берді.
 Байқаудың қорытындысында 24 лицейдің домбырашылар оркестрі бас жүлдені иеленсе, 167 жалпы білім беретін мектептің кіші топ оқушыларынан құрылған "Асыл мұра" ансамблі Іорынды иеленді. Ал қалған қатысушы мектептің домбырашылар оркестрлері де ІІ және ІІІ орындармен марапатталды. Оқушылар өз ризашылықтарын білдіріп, тағы да осындай байқау, жарыстарға қатыса беретіндерін білдірді. Оқушы ойынан дөп шыққан осындай  байқауды ұйымдастырған Алмалы ауданы Білім бөлімі басшыларына үлкен алғыстарын білдірді. Біз де өз ұжымымыздың атынан аудандық Білім бөлімінің басшыларына алғыс айтамыз!
Жетекшісі: Әлімбай Тасқын 

#меніңотанымҚазақстан
#аспаптаойнау

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: