19
декабрь
2024
19 желтоқсан күні “Тіл – асыл қазына” атты сайыс тіл мерекесіне орай 6-сынып оқушылары арасында өткізілді.

19 желтоқсан күні “Тіл – асыл қазына” атты сайыс тіл мерекесіне орай 6-сынып оқушылары арасында өткізілді. Бұл шараның негізгі мақсаты – оқушылардың мемлекеттік тілге деген құрметін арттыру, қазақ тілінің байлығы мен көркемдігін ұғындыру. Сайыс барысында қатысушылар өз білімдері мен шығармашылық қабілеттерін бірнеше кезеңде көрсетті: “Мақал – сөздің мәйегі”, “Тапқыр болсаң тауып көр”, және “Тіл шебері”. Әр кезеңде балалардың тапқырлығы, тілдік қоры мен сөйлеу шеберлігі сыналды. Шара соңында жеңімпаздар марапатталып, барлық қатысушыларға алғыс айтылды.
Ұйымдастырушы: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шормақова Балжан Ботанқызы
#біртұтастәрбиеалматы