Алматы қаласы Білім басқармасының
«№167 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 374-07-24
Есепші бөлімі:
+7(727) 374-07-23
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Жырлайды жүрек” челленджі
06
февраль
2025

“Жырлайды жүрек” челленджі

Бүгін менің туған күнім, ой пәлі-ай": Мұқағали Мақатаевтың туғанына 92 жыл
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай “Жырлайды жүрек” челленджі
№167 жалпы білім беретін мектептің 8 “Ә” сынып оқушылары “Жырлайды жүрек” челленджін Мұқағалидың «Елім барда» өлеңімен жалғастырып, 8 “Б” сыныбына жолдады. Бұл сынып Мұқағалидың бағасыз мұрасын саралай отырып, «Апырмай, туған» өлеңіне тоқталды. “Апырмай, туған жер-ай” өлеңі – туған жердің адам өміріндегі рухани тірек екенін терең түсіндіретін шығарма. Мұқағали үшін туған жер – бұл мәңгілік құндылық, өмірдің бастау көзі. Бұл туынды ұрпақ санасында туған елге деген махаббат пен сағынышты күшейтіп, оны қастерлеуге тәрбиелейді. Өлеңнің басты өзегі – туған жердің адам өміріндегі маңызы мен құндылығын дәріптеу. Ақын туған топырақтың шексіз қадірін түсініп, оның әрбір бұтасы мен шөбіне дейін қымбат екенін сезіндіреді. Мұнда туған жер тек географиялық мекен емес, жан дүниенің рухани панасы ретінде бейнеленеді.
“Апырмай, туған жер-ай” өлеңі – туған жердің адам өміріндегі рухани тірек екенін терең түсіндіретін шығарма. Мұқағали үшін туған жер – бұл мәңгілік құндылық, өмірдің бастау көзі. Бұл туынды ұрпақ санасында туған елге деген махаббат пен сағынышты күшейтіп, оны қастерлеуге тәрбиелейді. Бұл өлеңді Қанат Нұрәлі, Роланқызы Мәдина, Жанкелбек Әлихан, Темірхан Айша жатқа оқыды.
Поэзия сүйер жас ұрпақ үшін бұл шараның маңызы зор деп біледі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Умирсеитова Назым Жамшитовна. Бұл челленджді ұйымдастыруда осы мектепке тәжірибеден өтуге келген Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикплық университетінің 4-курс студенттері А.Мейрамғалиева, А.Нуркеева және А.Рысбекқызы белсенді ат салысты. Әрі қарай эстафетаны қабыл алатын 7 «А» сыныбына сәттілік!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: