03
февраль
2025
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай “Жырлайды жүрек” челленджі

https://www.instagram.com/reel/DFplgkVsEF1/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай “Жырлайды жүрек” челленджі
167 жалпы білім беретін мектептің 8 “А” сынып оқушылары қазақтың мұзбалақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай ерекше челлендж бастады. “Жырлайды жүрек” атты бұл бастама қазақ поэзиясының құдіретін дәріптеу мақсатында ұйымдастырылып отыр.
8 “А” сынып оқушылары челленджді Мұқағали жырларымен бастап, оны 8 “Ә” сыныбына жолдады. Қазақ халқының ұлттық құндылығын асқақтата дәріптейтін “Үш бақытым” өлеңін 8 “А” сынып оқушылары Есқали Раян, Әбілқасым Аяулым мен Төрехан Аружан оқыды. Ұлы ақынның рухы мен өлеңдері арқылы бірлік пен шабытты арттыруға бағытталған бұл челлендж мектеп ішінде кеңінен таралуда.
Поэзия сүйер жас ұрпақ үшін бұл шараның маңызы зор деп біледі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Умирсеитова Назым Жамшитовна. Бұл челленджді өткізуге осы мектепке тәжірибеден өтуге келген Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикплық университетінің 4-курс студенттері А.Мейрамғалиева, А.Нуркеева және А.Рысбекқызы белсенді ат салысты. Әрі қарай эстафетаны қабыл алатын сыныптарға сәттілік!