31
март
2025
"Алматы-біздің ортақ үйіміз" науқаны аясында сенбілік өтті

Қоршаған ортаны қорғау – әрбір азаматтың міндеті. «Таза Қазақстан" республикалық бағдарламасы аясында "Алматы-біздің ортақ үйіміз" атты қалалық ауқымды науқанға орай №167 жалпы білім беретін мектептің ұжымы мен қызметкерлері мектебіміз де қоршаған ортаны жақсартуға өз үлесін қосуда. Бұл бастаманың негізгі мақсаты – табиғатты қорғау, айналаны таза ұстау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Мектеп ауласын таза ұстау – барлығымыздың ортақ міндетіміз. Егер әрбір адам өз айналасына қамқорлық танытса, табиғатымыз көркейіп, денсаулығымыз жақсара түседі.