19
октябрь
2024
№167 жалпы білім беретін мектеп педагогтері мен қызметкерлерінің қатысуымен жалпықалалық сенбілік өтті.

19.10.2024ж күнгі №167 жалпы білім беретін мектеп педагогтері мен қызметкерлерінің қатысуымен жалпықалалық сенбілік өтті.
Алматы қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 19 қазан айындағы жалпықалалық сенбілік өткізу туралы хабарландыруын орындау және мектеп аумағына санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізу мақсатында №167 жалпы білім беретін мектеп педагогтері мен қызметкерлері сағат 09:00-12:30 аралығында «Мен таза қала, таза мектеп үшін!» ұранымен тазалау жұмысын жүргізді.
Жалпықалалық сенбіліктің жоспары мектепішілік жасалынып бекітілді. Әрбір бірлестікке тазаланатын аумақтар бөлінді және қажетті құрал саймандар берілді. #қалалық сенбілік
Барлық ұжым жалпы қалалық сенбілікке бір кісідей түгел ат салысып, бөлінген аумақты, мектептің айналасын тазартты.
Мектеп директоры Налибаева Г.А