"Ауғанның ақиқаты" » №167 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№167 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 374-07-24
Есепші бөлімі:
+7(727) 374-07-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
февраль
2020

"Ауғанның ақиқаты"

Кеңес әскерінің Ауғанстан аумағынан шығарылғанына 31 жыл толуына орай мектебімізде "Ауғанның ақиқаты" атты кездесу өтті. Кездесуге Ауған соғысының ардагерлері Асубек Дархан, Абдыхалықов Әділ, Алпысбаев Мақсат, Медиев Қайрат сынды күш жігері мен әл қуаты мол, интернационализм идеяларын бойына сіңірген, Отан алдындағы борышын адал атқарған  жауынгер ағалар қатысып, өздерінің басынан кешкен оқиғаларын ортаға салды. Кездесу мақсаты-жауынгер ағаларының ерлігі арқылы оқушыларды патриотизм мен адамгершілікке баули отырып, Отансүйгіштікке тәрбиелеу. 
Арманда кеткен ар үшін
Ұмытпас елім арысын!
Ту етіп ұстар қашанда,
Тәуелсіз елдің намысын.
Азаттық орнап арман ел
Құлпырды мәңгі жайнап ел.
Байрағың басын имесін,
Ауғанда болған ардагер!-деп, іс шара соңында мектеп ұжымы атынан директор Б.А.Абеубекова алғыс айтып, ардагерлерді марапттады. Іс-шараның жүргізілуі мен көркемделуін музыка пәнінің мұғалімі Омарова Салиха жоғары дәрежеде  өткізді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: