Отаның ертең сенімен! » №167 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№167 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 374-07-24
Есепші бөлімі:
+7(727) 374-07-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
май
2020

Отаның ертең сенімен!

Отаның ертең сенімен!
  ----------------------
 Жалынды жарқын, жастарым.
Отанды сүю дастанын, 
Алдыменен қашанда, 
Өздеріңнен бастағын
. -----------------
Баға да жетпес жеріңнің, 
Байлығы өзің еліңнің.
Бірінші мұны біліңіз,
Саулығы болсын деніңнің.
 -----------------
Өнерді жастан танып шық .
Жарыққа нұрлы алып шық , 
Өнеге алсын өзгелер ,
Қиындық-құрсау жарып шық.
-----------------
Болсаңда қайсы салада , 
Төменге оны балама ,
Барыңды салып бағындыр, 
Көтерген туын дарала .
-----------------
Жүрекпен сүйіп  жалынды 
Құрметте Ата заңыңды ,
Беруге де дайын бол,
Отан да үшін жаныңды .
-----------------
Шықты деп қазақ елінен .
Жомартта дархан жерінен.
- Міні-деп- балам! - Мақтансын, 
Отаның ертең сенімен.
 -----------------
10 "ә"сынып оқушысы  Қуанышбекова Ясина.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: