" Спорт бір алаңда" » №167 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№167 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 374-07-24
Есепші бөлімі:
+7(727) 374-07-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
ноябрь
2020

" Спорт бір алаңда"

Дене шынықтыру пәні мұғалімі Бадыков Ақылбек   «Прыгай выше головы» жобасы аясында   мектеп оқушылары  арасында барлық санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып,  скалкалкамен секіруден жарыс ұйымдастырып, өткізуде.   Бұл жоба Алматы қаласының барлық мектептерінде бірыңғай   өтуде. Жобаның мақсаты мектеп оқушыларын спорт пен салауатты өмір салтына тартуды көздеп отыр. Скалкалка секіру - бұл жай балалар ойыны емес, ол бүкіл әлемде танымал болып келе жатқан кәсіби спорт түрі. Осы жылдың күзінен бастап скалкалкамен  секіру (арқанмен секіру) алматылық мектеп оқушыларының жүрегін жаулай бастады.      Біздің де мектеп оқушылары үшін бұл жоба  өте қызықты  өтуде. Оқушылар бар ынталарымен  қуана қатысуда.


Алматы мектептерінде бірыңғай  «Спорт бір алаңда» атты  жаңа жоба  өтіп жатыр. Осы жоба негізінде  дене шынықтыру пәні мұғалімі Алмағанбетова Бақытгүл  мектеп оқушылары арасында жарыс өткізуде. Жарыстың бірінші кезеңі ZOOM платформасында онлайн түрде өтіп, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі әр аптаның бесінші күні барлық санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, мектеп спорт залында өтуде. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: