COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу үшін. » №167 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№167 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 374-07-24
Есепші бөлімі:
+7(727) 374-07-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу үшін.
02
апрель
2020

COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу үшін.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  15 наурыз күні  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп  жариялауына байланысты елімізде төтенше жағдай енгізу туралы Жарлық шығарды.  Мемелекет басшысының Жарлығында азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстанның барлық аумағында 16 наурыздан бастап 15 сәуірге дейінгі аралықты қамтитын кезеңде қандай шаралар жүзеге асырылатыны жан-жақты көрсетілген. 
Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, педагогтердің,  білім беру ұйымдарының басқа да қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында,  сондай-ақ  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жариялаған пандемия кезеңінде COVID-19 коронавирустық  инфекцияның таралуының алдын алу үшін Қазақстан Республикасы Бас мемелекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 12 наурыздағы 20 қаулысының негізінде,  Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік  комиссияның 2020 жылғы 16 наурыздағы номері  1 ,  20 наурыздағы номері 2 және 26 наурыздағы номері 6  хаттамаларын орындау үшін орта білім беру ұйымдарында  1-11 сыныптарда қашықтан білім беру технологиясын пайдалана отырып,  2020 жылғы сәуірден бастап, төртінші тоқсанның басынан бастап заңнамада белгіленген тәртіппен оқытуды ұйымдастыруда. 
Мектеп әкімшілігі ұйымдасқан түрде ұстаздар мен оқушылардың,  ата-аналардың арасында байланыс орнатып , төртінші тоқсанды талапқа сай бастауға бар күш жігерлерін жұмсауда.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: