Үштілділік - заман талабы. » №167 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№167 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 374-07-24
Есепші бөлімі:
+7(727) 374-07-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
октябрь
2019

Үштілділік - заман талабы.

Елбасымыздың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Халқына Жолдауында: “Тілдердің үштұғырлығы мәдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды қолға алуды ұсынды. Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар — қазақ тілі — мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі — жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі” деген салиқалы үндеуінде айтқандай, әлемдік кеңістікке енуде ағылшын тілінің маңызы зор.
Елбасының аталған Жолдауын іске асыру мақсатында білім беру саласында орасан зор іс – шаралар атқарылуда. Көптеген білім беру мекемелерінде жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер: информатика, физика, химия, биология пәндерін ағылшын тілінде оқыту пилоттық жобада оқытылуда.
Алматы қаласы Білім басқармасының «№167 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде информатика, химия, биология пәндерін ағылшын тілінде оқыту эксперименті биыл екінші жыл жүргізілуде. Бұл сыныптарға «Ұстаз» кәсіби оқу орталығынан «Билингвалды Пән Мұғалімі» бағдарламасы бойынша ағылшын тілі курсынан өткен химия пәнінің мұғалімі Сулейменова Алмагуль, биология пәнінің мұғалімі Ахметова Эльмира және информатика пәнінің мұғалімі Доспанбетова Сандуғаш сабақ береді. Ұстаздар «Ұстаз» кәсіби оқу орталығынан алған теориялық білімдерін практикада қолданып, тәжірибелерін шыңдауда. Ағылшын тілі деңгейі бойынша В1, В2 деңгейлі сертификаттары бар. Физика пәнінің мұғалімі Сыбанбекова Ғалия қазіргі таңда ағылшын тілі курсын оқуда, В1 деңгейлі сертификатын алып, В2 деңгейлік курсын жалғастыруда.





Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: