Алматы қаласы Білім басқармасының
«№167 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 374-07-24
Есепші бөлімі:
+7(727) 374-07-23
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Азаматтық қорғаныс күніне орай өткізілген іс-шара
01
март
2022
Азаматтық қорғаныс күніне орай өткізілген іс-шара
Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күніне орай  жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттерге үйрету мақсатында іс-шара өткізілді 
"Спорт -сенің серігің!" волейбол жарысы
09
февраль
2022
"Спорт -сенің серігің!" волейбол жарысы
Бүгін "Болашақ" өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен " Спорт - сенің Серігің! " атты тақырыпта волейболдан жарыс өткізіліп ,  🥇 I орынды 9 "в" сынып оқушылары,  🥈 II орынды  9 "ә" сынып оқушылары,  🥉 III орынды 9 "б" сынып оқушылары иеленді.  Жарыстың қызықты әрі тартысты өтуіне атсалысқаны үшін дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне алғысымызды айтамыз.  🏐🏐🏐🏐🏐🏐🏐🏐🏐🏐🏆
«Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің аясында өткізілген іс-шара
08
февраль
2022
«Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің
Бүгін  «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігі  аясында "Мейірімділік- асыл қасиет" атты тақырыпта  2  сынып оқушыларымен  ашық сабақ өткізілді .
«Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің аясында өткізілген іс-шара
07
февраль
2022
«Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің
Бүгін  «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің аясында "Алтын жүрек анашым" атты тақырыпта  3 сынып оқушылары арасында  мәнерлеп оқу сайысы  болып өтті.
"Болашақ" өзін-өзі басқару ұйымының кезекті отырысы
29
январь
2022
"Болашақ" өзін-өзі басқару ұйымының кезекті отырысы
Бүгін "Болашақ " өзін-өзі басқару ұйымының кезекті отырысы онлайн форматта болып өтті.  Мектеп Президенті  Ислам Аяулым  1 жарты жылдықта  атқарылған іс-шаралар есебіне  тоқталып,  алдағы жоспарда тұрған жұмыстарды атқару барысы жөнінде ұйым мүшелерімен  талқылау  жүргізді.  Ұйым мүшелері өз ойларын ортаға салып,  ақпан айында атқарылатын жұмыстарды нақтылады.   #мектеппарламенті @scholl.1672019 @Almaty @rumcdo_official @almaty_daryny.
Мерекелік іс-шара
17
декабрь
2021
Мерекелік іс-шара
Тұғыры биік Тәуелсіздіктің 30 жылдығына  орай  мектебіміздің  өнерлі ұстаздары мен оқушыларның қатысуымен  мерекелік іс-шара болып өтті.  Мектебіміздің директоры Ботагөз Әбенқызы барша ұжымды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, Алғыс хаттар табыстап , марапаттады.  __________________________________ Тәуелсіздік бақытым, бағым менің, Тәуелсіздік жақұтым, жаным менің. Жүрегімнің төрінен орын алар Тәуелсіздік айбыным, арым менің! Отыз жылда азаттық таң сыйлаған, Отыз жылда құлпырған бар айналам.
Тәуелсіздік күні құтты болсын!
16
декабрь
2021
Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Сіздерді ұлық мереке — Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз! Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті. Мемлекетіміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты — азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз. Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік
"Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік"
15
декабрь
2021
"Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік"
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай "Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік" тақырыбында 9 "ә" , 9 "а"  және 6 "а" сынып оқушыларының қатысуымен мерекелік іс-шара болып өтті.  Мақсаты: - Тәуелсіздіктің 30 - жылдық мерекесіне орай мерекелік шара ұйымдастыру арқылы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының маңызы жайлы, аталарымыз аңсаған тәуелсіздігіміздің мазмұнының тереңдігінен сыр шерту; - Білім алушылардың тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін, өнерін дамыту; - Өз елінің тарихын білуге, отанын