Алматы қаласы Білім басқармасының
«№167 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 374-07-24
Есепші бөлімі:
+7(727) 374-07-23
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Жалпыадамзаттық Құндылықтар Күнін"  өткізу аясында өткізілген іс-шара
22
ноябрь
2021
"Жалпыадамзаттық Құндылықтар Күнін" өткізу аясында өткізілген іс-шара
"Жалпыадамзаттық Құндылықтар Күнін  өткізу аясында:  167 жалпы білім беретін мектебінде " Жалпыадамзаттық құндылықтар- бақытты өмір негізі" тақырыбында іс-шара жоспары жасалып бекітілді. Соған орай " Балалықтың бал шағы" атты балалар шығармашылығынан " Сиқырлы әуенді тап" интеллектуалды ойыны 9 сынып оқушылары арасында өткізілді. Интеллектуалды ойынды ұйымдастырушы музыка пәні мұғалімдері : Омарова Салиха,  Алмағанбетова  Бақыт, Бекбосынов Мақсат.
"Отбасы құндылықтары және ұлттық тәрбие "  ашық тәрбие сағаты
22
ноябрь
2021
"Отбасы құндылықтары және ұлттық тәрбие " ашық тәрбие сағаты
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  30 жылдығына арналған  мектеп оқушыларының  психологиялық-педагогикалық  мәдениетін арттыру  мақсатында "Отбасы құндылықтары және ұлттық тәрбие " тақырыбында ашық тәрбие сағатын 10 "А" сынып оқушыларымен орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі  Дүтбаева Назигүл өткізді. Оқушылар отбасы құндылықтары туралы ойларын ортаға салып, бөлісті.  
"Жас Ұлан" "Жас қыран" ұйымына қабылдау салтанатты жиыны
13
ноябрь
2021
"Жас Ұлан" "Жас қыран" ұйымына қабылдау салтанатты жиыны
13 қараша күні "Оқушылар сарайында " "Жас Ұлан" , " Жас Қыран "  бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына  қабылдау салтанатты жиыны болып өтті. Салтанатты жиынға мектебіміздің үздік оқушылары қатысып, жасөспірімдер ұйымына қабылданды.  #Жасұлан #Жасқыран #167жббм
"Директорлық сенбі- ата-ана үні" онлайн кездесу
23
октябрь
2021
"Директорлық сенбі- ата-ана үні" онлайн кездесу
Бүгінгі кезекті "Директорлық сенбі-ата-ана үні "  онлайн кездесуінде химия пәні мұғалімі  Сүлейменова  Алмагүл  электронды темекінің  зияны және оның алдын алу шаралары туралы ата-аналарға  жете түсіндірді.  Ата-аналар өздерін алаңдататын сұрақтарын қойып,  қанағаттанарлық жауаптар алды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің   30 жылдығы мен Желтоқсанның   35 жылдығы аясындағы “Патриоттық рух - басты құндылық” атты байқаудың аудандық іріктеу кезеңі.
20
октябрь
2021
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Желтоқсанның
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Желтоқсанның 35 жылдығы аясындағы “Патриоттық рух - басты құндылық” атты байқаудың аудандық іріктеу кезеңі          20.10.2021ж күні Халықаралық «Жанашыр» қоғамы мен Алмалы ауданы Білім бөлімінің ұйымдастыруымен №167 жалпы білім беретін мектептің мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің    30 жылдығы мен Желтоқсанның   35 жылдығы аясындағы “Патриоттық рух - басты құндылық” атты байқаудың аудандық іріктеу кезеңі өтті. Байқауға
"Директорлық сенбі-ата-ана үні "
16
октябрь
2021
"Директорлық сенбі-ата-ана үні "
Бүгін 16 қазан күні кезекті "Директорлық сенбі-ата-ана үні "  онлайн кездесуі "Бала жақсы оқу үшін не істеу қажет?" тақырыбында  8 сынып оқушыларының ата-аналарымен zoom платформасында болып өтті.  Мектеп психологы Масабекова  Айжан мектеп оқушыларының білімге құштарлығын арттыру мақсатындағы маңызды ақпараттармен бөлісті.  Ата-аналар өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауап алғандарын жеткізді.
Қыздар жиналысы
04
октябрь
2021
Қыздар жиналысы
9-10 сынып оқушы қыздары арасында  "Үлгілі үйдің қыздары" атты тақырыпта қыздар жиналысы болып өтті.  Мақсаты: қыздарды  ұлттық салт-дәстүрлерді қастерлеп, тәрбиелі, білімді, өнерлі болып өсуге, қыз бала гигиеналық тазалықты дұрыс және күнделікті сақтауға үйрету; өз бойларын, ойын дөрекіліктен сақтандыру; қызарды  инабатты қыз болып өсуге баулу.
"Директорлық сенбі-ата-ана үні" онлайн кездесу
25
сентябрь
2021
"Директорлық сенбі-ата-ана үні" онлайн кездесу
Әр сенбі күні өтетін кезекті "Директорлық сенбі-ата-ана үні " онлайн кездесуі  11 "А" және 11 "Ә" сыныбының ата-аналарының , мектептің әкімшілік мүшелерінің және пән мұғалімдерінің қатысуымен өткізілді. Биылғы мектеп  бітіруші сыныптарға қатысты барлық мәселе талқыланды. Ата-аналар ойларында жүрген сұрақтарын қойып , қанағаттанарлық жауаптарын алғандарын жеткізді.