Конкурстар қорытындысы » №167 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№167 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 374-07-24
Есепші бөлімі:
+7(727) 374-07-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
март
2021

Конкурстар қорытындысы

   Мектебімізде оқытудың жоғары тәрбиелік әлеуеті негізінде оқушы бойында рухани құндылықтарды қалыптастырып, оның функционалдық сауаттылығын, сындарлы ойын, бәсекеге қабілетін дамытуда қол жеткізген шығармашыл мұғалімдерді анықтау және марапаттау арқылы педагог мәртебесін көтеру мақсатында ұйымдастырылған мектепішілік «Алматының жыл мұғалімі», «Грантты тағайындау» және «Үздік педагог» онлайн конкурстары мәресіне жетті. Бұл конкурстарға әрбір әдістемелік бірлестіктен ереже бойынша кемінде бес жыл үзіліссіз педагогикалық өтілі бар пән мұғалімдері қатысты. Конкурстар барысында ұстаздар өз шығармашылық мүмкіндіктері мен педагогтік шеберлігін танытып, оқушының санасы айқын, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастырудағы озық тәжірибелерін көрсете білді. Конкурстар қорытындысы бойынша конкурс жеңімпаздары , педагог – зерттеуші, бастауыш сынып мұғалімі Ахбаева Айгүл Мелісқызы «Алматының жыл мұғалімі» конкурсының, педагог – зерттеуші, физика пәнінің мұғалімі Тенизбаева Маржангуль Жакияновна «Грантты тағайындау» және педагог – зерттеуші, бастауыш сынып мұғалімі Каркабаева Айнаш Нуралбаевна мен педагог – зерттеуші, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сатова Ақмарал Сатбековна  «Үздік педагог»»  конкурстарының аудандық кезеңіне жіберілді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: