1 сынып ата-аналарымен онлайн кездесу. » №167 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№167 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 374-07-24
Есепші бөлімі:
+7(727) 374-07-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 1 сынып ата-аналарымен онлайн кездесу.
28
август
2021

1 сынып ата-аналарымен онлайн кездесу.






















































































Бүгін №167 жалпы білем беретін мектебінде  алғаш рет мектеп табалдырығын аттағалы отырған 1 сынып бүлдіршіндерінің              ата -аналарымен зум платформасы  арқылы онлаин  кездесу өткізілді. Мектеп директоры Б.А.Абеубекова ата-аналарды басталғалы отырған жаңа оқу жылымен және келе жатқан Конституция күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар 1 сыныптың сынып  жетекшілерін , директордың бастауыш сынып бойынша орынбасарын таныстыра келе мектептің ішкі тәртіп ережесін, оқушылардың мектепке келген кездегі санитарлық нормалардың қатаң  сақталуына ,мектеп формасына, оқулық жөнінде және ыстық тамақпен қамтамасыз ету жөнінде де ата- аналарға жан -жақты толық ақпарат беріп ,  түсіндіріп өтті.         1 сынып оқушылары үшін өтетін алғашқы қоңырауға арналған салтанатты линейкада  сондай-ақ бүлдіршіндерге  алғашқы оқулықтары "Әліппені"  табыстау іс-шарасы кезінде санитарлық нормаларды қатаң  сақтай отырып, таза ауада, мектеп ауласында ұйымдастырылатынын  және ол іс- шараға 1 сынып оқушылары        ата -аналарының біреуінің ғана қатысуы керектігін нақтылап ескертті. Кездесу барысында      ата -аналар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауаптарын алды. Ата -аналар жан -жақты түсіндіру жұмысын жүргізген мектеп басшысына барынша  ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын аитты.
#167жббм
#1қыркүйекбілімкүні

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: