Алматы қаласы Білім басқармасының
«№167 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 374-07-24
Есепші бөлімі:
+7(727) 374-07-23
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Директорлық сенбі- ата-ана үні" онлайн кездесу
23
октябрь
2021
"Директорлық сенбі- ата-ана үні" онлайн кездесу
Бүгінгі кезекті "Директорлық сенбі-ата-ана үні "  онлайн кездесуінде химия пәні мұғалімі  Сүлейменова  Алмагүл  электронды темекінің  зияны және оның алдын алу шаралары туралы ата-аналарға  жете түсіндірді.  Ата-аналар өздерін алаңдататын сұрақтарын қойып,  қанағаттанарлық жауаптар алды.
"Директорлық сенбі-ата-ана үні "
16
октябрь
2021
"Директорлық сенбі-ата-ана үні "
Бүгін 16 қазан күні кезекті "Директорлық сенбі-ата-ана үні "  онлайн кездесуі "Бала жақсы оқу үшін не істеу қажет?" тақырыбында  8 сынып оқушыларының ата-аналарымен zoom платформасында болып өтті.  Мектеп психологы Масабекова  Айжан мектеп оқушыларының білімге құштарлығын арттыру мақсатындағы маңызды ақпараттармен бөлісті.  Ата-аналар өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауап алғандарын жеткізді.
«Директорлық сенбі – ата-ана үні»
09
октябрь
2021
«Директорлық сенбі – ата-ана үні»
09.10.2021ж күні кезекті «Директорлық сенбі – ата-ана үні» онлайн кездесуі 5-8 сыныптардың ата-аналарымен болып өтті. "Баланың жеке тұлға болыпқалыптасуына отбасының ықпалы" тақырыбында өтті.   
"Директорлық сенбі-ата-ана үні" онлайн кездесу
25
сентябрь
2021
"Директорлық сенбі-ата-ана үні" онлайн кездесу
Әр сенбі күні өтетін кезекті "Директорлық сенбі-ата-ана үні " онлайн кездесуі  11 "А" және 11 "Ә" сыныбының ата-аналарының , мектептің әкімшілік мүшелерінің және пән мұғалімдерінің қатысуымен өткізілді. Биылғы мектеп  бітіруші сыныптарға қатысты барлық мәселе талқыланды. Ата-аналар ойларында жүрген сұрақтарын қойып , қанағаттанарлық жауаптарын алғандарын жеткізді.  
Құттықтаймыз!
01
сентябрь
2021
Құттықтаймыз!
Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата-аналар және барша қазақстандықтар! Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, айтулы мереке – Білім күнімен  шын жүректен құттықтаймыз!     1 қыркүйек барша халықтың дәстүрлі мерекесі! Әрбір адамның өміріне ерекше әсер қалдыратын бұл күн еліміздің барлық тұрғындарының басын біріктіреді: мектеп табалдырығын аттауға асыққан бірінші сынып оқушылары, жазғы қызықты да қуанышты демалыстан келген оқушылар, оқу жылын жаңаша күш-жігермен бастағалы тұрған ұстаздар және
Құттықтаймыз!
30
август
2021
Құттықтаймыз!
Құрметті отандастар! Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз! 1995 жылы бүкілхалықтық референдумда Конституцияның қабылдануы барлық қазақстандықтар үшін ерекше оқиға болды. Конституция халықтың бірлігін, қоғамдық және рухани келісімін нығайтып, егемендік пен саяси тұрақтылықтың кепіліне айналды. Сіздерге және сіздердің отбасыларыңызға зор денсаулық, мол бақыт, амандық, Қазақстан Республикасын өркендету жолында толағай табыстар мен