Бос лауазымдар бойынша конкурс жариялау » №167 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№167 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 374-07-24
Есепші бөлімі:
+7(727) 374-07-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бос лауазымдар бойынша конкурс жариялау
31
август
2023

Бос лауазымдар бойынша конкурс жариялау

Алматы қаласы Білім басқармасының "№ 167 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі төмендегі бос лауазымдар бойынша конкурс жариялайды:
 - қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі - 1 лауазым бос орынға; 
 - ағылшын тілі пәні мұғалімі - 1 лауазым бос орынға;
Конкурс өткізу орны: Алматы қаласы, Тұрғыт Озал көшесі, 45 үй
Байланыс телефоны: +7 (727) 374-07-24
Электронды почтасы: school.167@mail.ru
1. Конкурс 2023 жылдың 8 қыркүйегінде сағат 12.00-де №167 жалпы білім беретін мектептің 219 кабинетінде өткізіледі
2. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлерден  құжаттарды қабылдау 2023 жылдың 08 қыркүйек сағат 10.00-ге дейін жүргізіледі. 
3. Конкурсқа қатысатын бос лауазымдардың негізгі функционалдық міндеттері, еңбекке ақы төлеу мөлшері мен шарттары белгіленген бос және (немесе) уақытша бос лауазымның атауы; 
 Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін белгіленген талаптарға сай оқыту, еңбек ақысы – 200000 теңгеден бастап, ағылшын тілі пәнін белгіленген талаптарға сай оқыту, еңбек ақысы – 200000 теңгеден бастап.
6. Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:
- жоғары педагогикалық білім және педагогикалық жұмыс өтілі болуы;
- педагогтік қызметін жүзеге асыру кезінде қосымша біліктілік санаты «педагог-модератор», «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» біліктілігінің болуы;
- оқушылармен жұмыс істей білуі, оларға өз бағыты бойынша дұрыс және толыққанды білім беруі;
- компьютерде жұмыс жасай білуі және құжаттарды даярлауға арналған бағдарламаларды қолдана білуі.
  
      Конкурсқа қатысушы үміткерлерден қажетті құжаттар тізбесі;
      1) осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш; («Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту
туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқуағарту министрінің 2023 жылғы 15 тамыздағы № 259 және Қазақстан Республикасы ПремьерМинистрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 16 тамыздағы № 343 бірлескен бұйрығы)
      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
       6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
      9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
      10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) pass a; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе TOEFL (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IWT)) - 60-65 балл; болу керек.
      11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
       12) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
      13) тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: