Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз.
25 – қыркүйек күні Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Шона Смаханұлы атындағы 62 гимназияда Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми - әдістемелік орталығының жетекшілігімен қазақ тілі онкүндігі аясында бастауыш сыныптар арасында қалалық "Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз" атты поэзия кеші ұйымдастырылды. Кешке 8 ауданның мектептерінен үздік деп танылып, озып шыққан 80-нен астам оқушы қатысып, ана тілінде тамылжыта мәнерлеп өлең оқып, көрермен қауымға естен кетпес ерекше әсер