Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз. » №167 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№167 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 374-07-24
Есепші бөлімі:
+7(727) 374-07-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз.
27
сентябрь
2019

Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз.

25 – қыркүйек күні Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Шона Смаханұлы атындағы 62 гимназияда Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми - әдістемелік орталығының жетекшілігімен қазақ тілі онкүндігі аясында бастауыш сыныптар арасында қалалық "Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз" атты поэзия кеші ұйымдастырылды. Кешке 8 ауданның мектептерінен үздік деп танылып, озып шыққан 80-нен астам оқушы қатысып, ана тілінде тамылжыта мәнерлеп өлең оқып, көрермен қауымға естен кетпес ерекше әсер сыйлады. Сол үздіктер қатарынан біздің мектебіміздің 4 «А» сынып оқушысы Әділнұрұлы Ерасыл да табылып, жүлделі 3 – орынды жеңіп алды. Сынып жетекшісі Копесбаева Бақыт Сәукенқызы.



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: