Құттықтаймыз!
Daryn.online білім беру платформасы мен Qaztest.kz олимпиада сайты бірлесіп педагогтардың біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырған I Республикалық «Кемеңгер ұстаз» олимпиадасы да мәресіне жетті. Аталған олимпиадаға №167 жалпы білім беретін мектеп ұстаздары да қатысып, тәжірибелерін шыңдап, озық білімдерін көрсетудің арқасында жүлделі орындарға ие болды. Жүлдегер ұстаздарымызды жеңістерімен шын жүректен құттықтап, еңбектеріне шығармашылық табыстар тілейміз!