Білім күнімен құттықтаймыз! » №167 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№167 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 374-07-24
Есепші бөлімі:
+7(727) 374-07-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Білім күнімен құттықтаймыз!
01
сентябрь
2021

Білім күнімен құттықтаймыз!

Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата-аналар және барша қазақстандықтар!
Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, айтулы мереке – Білім күнімен  шын жүректен құттықтаймыз!
 1 қыркүйек барша халықтың дәстүрлі мерекесі! Әрбір адамның өміріне ерекше әсер қалдыратын бұл күн еліміздің барлық тұрғындарының басын біріктіреді: мектеп табалдырығын аттауға асыққан бірінші сынып оқушылары, жазғы қызықты да қуанышты демалыстан келген оқушылар, оқу жылын жаңаша күш-жігермен бастағалы тұрған ұстаздар және ата-аналар.
 
.
 1 қыркүйек күні – бірінші сынып оқушылары үшін – үлкен өмірге аяқ басқан күн, өзінің жеке болашағына қосқан алғашқы үлесі. Біз олармен бірге жаңа өмір жолына аяқ басамыз. Сондықтан да алдымен осы бүлдіршіндерді құттықтағымыз келеді. Білім жолындағы Сіздердің алғашқы қадамдарыңыз болашақта білім алуларыңыз бен дамуларыңызға негіз бола алсын. Білім жадыны емес, ойды жүзеге асырғанда ғана білім бола алады, сондықтан да сіздерге күш-жігер, шабыт және табандылық тілеймін. Мектеп жолы Сіздер үшін жеңіл болсын және жетістік пен тек қана жеміс әкелсін.
 
#Білімкүніқұттыболсын

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: