"Егемендік-елдігім, Тәуелсіздік -теңдігім" тақырыбында аудандық семинар өтті » №167 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№167 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 374-07-24
Есепші бөлімі:
+7(727) 374-07-23
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Егемендік-елдігім, Тәуелсіздік -теңдігім" тақырыбында аудандық семинар өтті
12
декабрь
2023

"Егемендік-елдігім, Тәуелсіздік -теңдігім" тақырыбында аудандық семинар өтті









12.12.2023 жылы Алматы қаласы, Алмалы ауданының 167 жалпы білім беретін мектебінде "Егемендік-елдігім, Тәуелсіздік -теңдігім" тақырыбында аудандық семинар өтті . Семинарға Алмалы ауданы Білім бөлімінің басшылары мен директордың оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Мақсаты:  қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресі мен ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын талдай келіп,  зор құрбандықпен қол жеткен Тәуелсіздігімізді құрметтей, қастерлей білуге тәрбиелеу. Еліміздің келешегі үшін аянбай еңбек етуге шақыру, оқушылар бойындағы  отансүйгіштік-патриоттық сезімдерін шыңдай түсу. Семинарға қатысушылар сынып жетекшілердің өткізген  ашық тәрбие сағаттарына қатысып, оқушылардың біліміне тәнті болды. Сонымен қатар дарынды оқушылардың көркем еңбек сабағында Тәуелсіздікке арнап жасаған қол өнер бұйымдарын технология пәні мұғалімі Сырлыбаев Мереке қонақтарға таныстырды. Физика, химия, информатика және биология пәндерінен білім алушылар өздері жасаған ғылыми жоба жұмыстарын да жасап көрсетті. Әрбір оқушының еңбегін бағалаған қонақтар жақсы әсерлерімен бөлісіп, оқушыларға ризашылықтарын білдірді. Ал, семинар соңында мәжіліс залында талантты, өнерпаз оқушылардың өнерлерін тамашалады. Оқушылар қазақ халқының Ыбырай Алтынсариннің  дәуірінен бастап, Абай дәуірінің кезеңіне көшіп, Абайдың қара сөздерін жатқа оқып, Тәуелсіздікке жеткен қазақ халқының жеңісін, қойылым қою арқылы бейнеледі. Семинар соңында Алмалы ауданы Білім бөлімінің әдіскері Нурбаева Асем Жандарбековна семинардың жоғары дәрежеде өткенін, дарынды оқушылар мен ашық сынып сағатын өткізген сынып жетекшілердің , жалпы мектеп ұжымының жасаған еңбектерін, өткізген іс-шараларын жоғары дәрежеде бағалады. Мектептің тәрбиенің біртұтас бағдарламасы негізінде "Ұлттық құндылықтарды да дәріптеу мақсатында оқушы бойына көптеп еңбек сіңіріп жатқанын ерекше айтып өтті.  Мектеп директоры Галия Алкеновна Налибаева , келген қонақтарға ұжым атынан алғысын білдіре отырып," Евразия" каналының тілшілеріне де рахметін айтты.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: