10 "б" сынып оқушыларының мектеп туралы мақаласы » №167 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№167 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 374-07-24
Есепші бөлімі:
+7(727) 374-07-23
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 10 "б" сынып оқушыларының мектеп туралы мақаласы
23
май
2020

10 "б" сынып оқушыларының мектеп туралы мақаласы

View this post on Instagram

Мектеп - бұл кішкентай өмір. Бұл әр адам өмірінің басты кезеңі. Мектеп біздің жан дүниемізде ерекше орын алады, себебі мектепте біздің ең тәтті балалық шағымыз өтті. Білімнің сара жолы мектептен басталады. Әр адам осы білім ордасынан алған білімдерін жалғастыра отырып өмірден өз орындарын табады. Мектеп - мейірім ошағы. Мұндағы ұстаздарымыз бізге екінші анамыздай өте қамқор. Ұстаздарымыз тек ғана білім берумен шектелмей, өмірдегі қиындықтар мен кедергілерді шеше білуге үйретеді. Әрдайым алға жетелеп, біздің рухани сәулетшіміз бола білгені үшін ұстаздарға шексіз алғыс білдіреміз. Бүгінде әлем жұртшылығын дүрліктірген коронавирус көптеген елдерде таралуына байланысты білім беру жүйесі онлайн жүйеге көшкен болатын. Қашықтықтан оқу ыңғайлы болғанына қарамастан мектепті әрбір оқушы сағынды. Көңіліміздің күмбезі достарымызды, берері мол асыл ұстаздарымызды сағындық. Мектебіміздегі ұстаздар досымыз секілді. Әрқашан қолдайды, ешқашанда бетімізден қақпайды. Біліммен қатар жүректеріндегі бар мейірімін береді. Бізді жеке тұлға етіп қалыптастырады. Әр оқушының жеке ойын құптайды, жігерлендіріп, алға жетелейді. Өз кезегімізде біз тездетіп мектеп парталарына отырып, достарымызбен, ұстаздарымызбен қайта қауышуды асыға күтудеміз.

A post shared by Алматы, Алмалы №167 ЖББМ (@school.1672019) on

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: